Елена Рыбакина Мадридтегі нәтижесіне пікір білдірді

Фото: Contributor
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Мадридте өткен WTA 1000 турниріндегі өнеріне қатысты пікір айтты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Ол жарысты 1/8 финал кезеңінде аяқтады.
Әлемнің екінші ракеткасы ширек финалға шығу үшін өткен матчта австриялық Анастасия Потаповаға 6:7, 4:6 есебімен жол берді. Осы нәтижеден кейін қазақстандық спортшы турнирмен қоштасты.
Ойыннан кейін теннисші әлеуметтік желіде жазба қалдырды. «Рақмет, Мадрид! Біз күткен нәтиже емес, бірақ осыдан сабақ алып, топырақ жабынындағы маусымда жұмысымды жалғастырамын. Қолдау білдіргендерге алғыс. Келесі аялдама – Рим», — деп жазды Рыбакина.
Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық теннисші 120 рейтингтік ұпай алды, бұл өткен жылмен салыстырғанда жақсы нәтиже. Соның арқасында ол 55 ұпай қосып, әлем рейтингінің көшбасшысы Арина Соболенкодан айырмасын қысқартты.
Көкшетауда «Оқжетпеске» арналған жаңа стадион құрылысы басталды
Ян мен Двалишвили арасындағы үшінші жекпе-жек тамызда өтуі мүмкін
