Рахат Сейітжан Уфада өткен титулдық жекпе-жекте жеңілді
Қазақстандық боксшы Рахат Сейітжан Уфа қаласында өткен IBA Pro 17 турнирінде титулдық жекпе-жекте жеңіліс тапты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Бұл оның ұзақ үзілістен кейінгі алғашқы айқасы болды.
Жекпе-жекте Сейітжан ресейлік Данис Габдрафиковпен кездесті. Бұл кездесуде жартылай орта салмақтағы WBA Asia East чемпионы белбеуі сарапқа салынды. Айқас толық он раундқа созылып, төрешілердің бірауызды шешімімен Габдрафиковтың пайдасына аяқталды — 97:93, 99:91, 98:92.
Осылайша, Сейітжан кәсіби мансабында алғаш рет жеңілді. Бұған дейін ол он жекпе-жекте жеңіске жетіп, оның алтауын мерзімінен бұрын аяқтаған еді.
Бұл жекпе-жек қазақстандық боксшы үшін 2022 жылдан бергі алғашқы кездесу болды. Ал Данис Габдрафиков кәсіби рингтегі алтыншы жеңісіне жетіп, чемпиондық белбеуді иеленді.
Жібек Құламбаева Баотоудағы турнирде жұптық сында жеңіске жетті
Николай Веретенников UFC турнирінде Калинн Уильямспен жекпе-жек өткізеді
