Жібек Құламбаева Баотоудағы турнирде жұптық сында жеңіске жетті

Жибек Куламбаева. Фото: Getty Images for ITF
Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Қытайдың Баотоу қаласында өткен ITF W50 турнирінің жұптық сынында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Ол ресейлік Екатерина Рейнгольдпен бірге өнер көрсетті.
Финалда қазақстандық-ресейлік жұп қытайлық Чэнги Юань мен италиялық Дилетта Черубиниді жеңді. Кездесу 51 минутқа созылып, 6:1, 6:1 есебімен аяқталды.
Матч барысында Құламбаева мен Рейнгольд ойын тізгінін толық өз қолында ұстап, қарсыластарына мүмкіндік берген жоқ.
Турнирдің жүлде қоры 40 000 долларды құрады. Бұл Жібек Құламбаева үшін осы айдағы кезекті табыс — бұған дейін ол Үндістанның Аурангабад қаласында өткен ITF W15 турнирінде Екатерина Яшинамен бірге топ жарған.
Алдыңғы мақала:
Фаниль Рафиков реваншта Андрей Гончаровқа жол бердіКелесі мақала:
Рахат Сейітжан Уфада өткен титулдық жекпе-жекте жеңілді
