Лионель Месси «Корнелья» клубын сатып алды

Фото: ESPN
«Барселонаның» бұрынғы шабуылшысы Лионель Месси Испанияның үшінші дивизионында өнер көрсететін «Корнелья» клубын сатып алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Бұл туралы команданың ресми баспасөз қызметі мәлімдеді.
Клуб мәлімдемесінде бұл қадам Мессидің Каталониямен байланысын және жергілікті футболды дамытуға деген қызығушылығын көрсететіні айтылған. «Бұл қадам Мессидің Барселонамен тығыз байланысын және Каталониядағы спорт пен жергілікті таланттарды дамытуға деген ұмтылысын дәлелдейді. Бұл байланыс оның «Барселона» клубындағы кезеңінде қалыптасып, бүгінге дейін сақталып келеді», — делінген «Корнелья» хабарламасында.
«Корнелья» клубы 1951 жылы құрылған және өз матчтарын 1500 көрерменге арналған «Ноу Камп Мунисипаль» стадионында өткізеді. Команда Испанияның үшінші дивизионында ойнайды.
Қазіргі уақытта Лионель Месси 2023 жылдан бері АҚШ-тың «Интер Майами» клубында өнер көрсетіп жүр.


