Қазақстандық боксшы 25 сәуірде АҚШ-та кәсіби рингке қайта оралады

Евгений Павлов

Фото: Sm1.kz

Қазақстандық боксшы Евгений Павлов 25 сәуір күні Балтиморда жекпе-жек өткізіп, екі жылдық үзілістен кейін кәсіби рингке қайта оралады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Оның қарсыласы америкалық Антонио Дантон-Эл болады.

Жекпе-жек екінші жартылай жеңіл салмақта өтеді және алты раундқа жоспарланған. Бұл Павлов үшін 2023 жылдан бергі алғашқы кәсіби кездесу болмақ.

Қазақстандық боксшы бұл айқасқа 10 жеңіс пен бірде-бір жеңіліссіз рекордпен келеді, оның сегізі нокаутпен аяқталған. Соңғы жекпе-жегін ол 2023 жылы Мексикада өткізіп, Кевин Родригес Гарсияны бірінші раундта нокаутпен жеңген.

Одан кейін Павлов біраз уақыт әуесқой бокста өнер көрсетіп, Қазақстан чемпионаты мен халықаралық турнирлерге қатысты. Енді ол кәсіби мансабын қайта жалғастырып, АҚШ-та өнер көрсетпек.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Окт - 17:00 Бокс
Әлімханұлы Адаместің Zuffa Boxing-пен келісіміне қатысты пікір білдірді
10 Окт - 08:24 Бокс
WBO Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегін ресми растады
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
09 Окт - 09:15 Бокс
АҚШ-та Якоб Банктің Жәнібек Әлімханұлына қиындық туғызуы мүмкін екені айтылды
08 Окт - 09:04 Бокс
Boxingnews24 Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін ықтимал жекпе-жегіне баға берді
07 Окт - 16:00 Бокс
Айдос Тастаев Үндістанда UBO Continental белбеуін жеңіп алды
05 Окт - 09:35 Бокс
Виктор Теміров кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді
02 Окт - 16:00 Бокс
Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
02 Окт - 12:05 Бокс
WBA рейтингінде төрт қазақстандық боксшы өз орындарын сақтады
30 Сен - 13:45 Бокс
Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы жекпе-жектерден кейін World Boxing ұйымына хат жолдады