Боксшы Төрехан Сабырхан финалда жеңіліп, Азия чемпионатында күміс медальға ие болды

Торехан Сабырхан, бокс

Қазақстан құрамасының боксшысы Төрехан Сабырхан Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында жеңіліп қалды.

Отандасымыз 70 келіге дейінгі салмақта күміс жүлдегер атанды. Ақтық айқаста ол иорданиялық Зеяд Ишаишқа жол берді.

Төрехан алғашқы раундта 4:1 есебімен басым түсті. Екінші раундта қарсыласы есепті теңестіріп, шешуші үшінші раундқа боксшылар тең жағдайда шықты.

Соңғы раундта Ишаиш басым болып, Сабырхан жарысты екінші орынмен аяқтады.

Айта кетейік, бұған дейін 60 келіге дейінгі салмақта Оразбек Асылқұлов чемпион атанған еді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
25 Май - 09:15 Бокс
Усик пен Верхувеннің Мысырдағы жекпе-жек үшін алған гонорары белгілі болды
24 Май - 10:21 Бокс
Геннадий Головкин Мысырдағы бокс кешінде Канеломен кездесті
24 Май - 09:09 Бокс
Александр Усик Рико Верхувенді техникалық нокаутпен жеңді
23 Май - 12:06 Бокс
Александр Усик Мысырдағы жекпе-жегі үшін рекордтық гонорар алады
20 Май - 13:03 Бокс
Геннадий Головкин әлемдегі ең танымал боксшылардың үздік ондығында қалды
19 Май - 12:00 Бокс
Сәкен Бибосынов қатысуы тиіс турнир ресми түрде өтпейтін болды
17 Май - 14:01 Бокс
Сауль Альварес WBC белдігі үшін Кристиан Мбиллиммен жұдырықтасады
15 Май - 14:17 Бокс
Қазақстандық боксшылар U15 санатындағы Азия чемпионатында 24 медаль жеңіп алды
06 Май - 12:08 Бокс
Иноуэ мен Накатани мансабындағы ең ірі сыйақыға ие болды
05 Май - 14:34 Бокс
Қамшыбек Қоңқабаев төрт жылдан кейінгі алғашқы жекпе-жегін өткізеді