«Манчестер Юнайтедтің» аңыз футболшысы Чесноковтың ойынына баға берді

Ислам Чесноков

Фото: SNS Group

«Манчестер Юнайтед» клубының аңызы Деннис Ирвин Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы және шотландиялық «Хартс» ойыншысы Ислам Чесноковтың ойыны туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Бұрынғы футболшы қазақстандық ойыншының алаңдағы рөлі мен ерекшеліктеріне тоқталды.

Ирвиннің айтуынша, сол аяқты футболшының оң қапталда ойнауы қазіргі футболда қалыпты құбылыс саналады. Ол қазіргі бапкерлер вингерлерден тек шабуыл ұйымдастыруды емес, сонымен қатар гол соғуды да талап ететінін атап өтті.

«Сендер оның оң қапталда ойнайтынын айттыңдар — қазіргі футболда сол аяқпен оң қапталда ойнау қалыпты жағдай. Қазір бапкерлер ойыншылардан дәл осындай стиль талап етеді. Бұрын да ондай футболшылар болған, олар шабуылға қосылып, гол соға алатын. Сондықтан ол гол соға алатын ойыншыға ұқсайды. Оған тек сәттілік тілеймін», — деді Ирвин.

Еске сала кетейік, Ислам Чесноков «Хартс» клубына 6 қаңтар күні ауысты. Қазіргі таңда ол Эдинбург командасы сапында алты матч өткізді. Қазақстандық футболшы жалғыз голын 21 ақпанда Шотландия чемпионатының 28-туры аясында «Фалкирк» қақпасына соқты (1:0).

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
30 Июл - 23:11 Футбол
«Тобыл» пенальти сериясында жеңіске жетіп, Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты
30 Июл - 20:45 Футбол
УЕФА ФИФА турнирлеріне бойкот жариялауы мүмкін екенін мәлімдеді
29 Июл - 23:11 Футбол
«Қайрат» қатарынан екінші маусымда еурокубоктың негізгі кезеңінде ойнайды
29 Июл - 22:39 Футбол
«Қайрат» драмалық матчта Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты
29 Июл - 15:05 Футбол
ПСЖ Родри үшін «Реалмен» таласқа қосылды
29 Июл - 13:45 Футбол
«Қайрат» – «Омония» матчын қайдан көруге болады
29 Июл - 10:55 Футбол
«Ювентус» Джошуа Зиркзеені жалға алуға жақын
29 Июл - 08:30 Футбол
Дастан Сәтбаевтың «Челсидегі» дебюттік голы әлеуметтік желіде қызу талқыланды
28 Июл - 17:55 Футбол
Магомед Адиев Қазақстан құрамасына оралу туралы пікір білдірді
28 Июл - 16:26 Футбол
Зинедин Зидан Франция құрамасының бас бапкері атанды