Ислам Чесноков «Тобылға» қайта оралады

Фото: SNS Group
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Ислам Чесноков мансабын Қостанайдың «Тобыл» клубында жалғастырады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Футболшы «Ордабасының» ұсынысынан бас тартып, бұрынғы командасына қайта оралуды жөн көрді.
AmanVIBE мәліметінше, 26 жастағы вингер өзінің болашағына қатысты шешім қабылдап қойған. Ол 2026 жылдың қысында ауысқан Шотландияның «Хартс» клубынан кейін қайтадан Қостанай командасының сапына қосылады.
Чесноков Шотландия чемпионатында он матч өткізіп, бір гол соқты. Сонымен қатар «Хартспен» бірге ел чемпионатының күміс жүлдегері атанып, Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңіне жолдама алды.
Алайда тұрақты ойын тәжірибесінің аздығы оның Қазақстанға оралуына әсер етті. Әсіресе ұлттық құрама матчтары қарсаңында тұрақты түрде алаңға шығу футболшы үшін маңызды факторға айналды. Ал «Тобыл» үшін Қазақстан құрамасының негізгі ойыншыларының бірінің оралуы маусымның екінші бөлігіндегі нәтижелерді жақсартуға мүмкіндік беруі мүмкін. Қазіргі таңда қостанайлық клуб КПЛ турнирлік кестесінде 12 ұпаймен 13-орында тұр.
Қазақстан құрамасы каратэден Азия чемпионатында үздік үштікке енді
Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасынан кетті
