Абат Айымбетов Румынияға ауысуға жақын
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Абат Айымбетов Румыния чемпионатында мансабын жалғастыруға жақын және жақын күндері «Петролул» клубының ойыншысы атануы мүмкін, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Gazeta Sporturilor ақпаратынша, қазіргі таңда қазақстандық футболшы мен румын клубы арасындағы келіссөздер нақты кезеңге жетіп, тараптар ықтимал келісімшарттың соңғы талаптарын талқылауда.
«Петролулдың» Айымбетовке деген қызығушылығы команда «Унирея Слобозияны» 1:0 есебімен жеңгеннен кейін арта түсті. Осы кездесуден соң румындық клуб шабуыл шебін күшейту мақсатында келіссөздерді жандандырып, қазақстандық ойыншыны маусымның екінші бөлігіндегі негізгі үміткерлердің бірі ретінде қарастырып отыр.
Абат Айымбетов халықаралық және клубтық деңгейде мол тәжірибе жинаған футболшы саналады. Ол Қазақстан құрамасы сапында 45 матч өткізіп, тоғыз гол соқты. Соңғы клубы түркиялық «Адана Демирспор» болды, бұл командада 36 ойында алты мәрте қарсылас қақпасын дәл көздеді. Өткен жылдың жазынан бері ойыншы еркін агент мәртебесінде жүр.
Бұған дейін Айымбетов «Ақтөбе», «Қайрат», «Астана» және «Крылья Советов» клубтарының намысын қорғады. Ол мансабында үш рет Қазақстан чемпионы атанып, 179 матчта 54 гол мен 13 нәтижелі пас авторы болды. Үш мәрте Румыния чемпионы атанған «Петролул» биылғы маусымда 24 ұпай жинап, турнир кестесінде 12-орында тұр.
Қазақстандық шорт-трекші жасөспірімдер арасындағы әлемдік рекорд орнатты
UFC Fight Night 268: Морено Асу Алмабаевтың орнына Каванамен кездеседі
