Базров Рахмонов пен Махачев арасындағы жекпе-жек мүмкіндігі туралы пікір білдірді

Шавкат Рахмонов

Шавкат Рахмонов. Фото: Zuffa LLC

DAR Team бас бапкері Эдуард Базров Шавкат Рахмонов пен жартылай орта салмақтың жаңа UFC чемпионы Ислам Махачев арасындағы ықтимал кездесуге қатысты ойын Betonmobile басылымына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Бапкердің айтуынша, Рахмонов Махачевті жеңісімен құттықтап, оған құрмет көрсеткен.

Соңғы жылдары Махачев UFC-дегі ең мықты спортшылардың біріне айналып, екі салмақ дәрежесінде де чемпиондық белбеуге қол жеткізді. Оның жаңа дивизиондағы жеңісі жанкүйерлер арасында алдағы жекпе-жектер туралы талқылауды күшейтті. Ал Рахмонов биылғы маусымның көп бөлігін операциядан кейінгі қалыпқа келтіруге жұмсап, Белал Мухаммадпен жоспарланған титулдық айқастан шет қалған еді. Сол жекпе-жекке оның орнына шыққан Джек Маддалена Мухаммадты жеңіп, кейін белбеуді Махачевке алғашқы қорғауда берген болатын.

Базровтың айтуынша, Рахмонов ұзақ үзілістен кейін рингке қайта оралуы үшін кем дегенде бір жекпе-жек өткізуі қажет. Сонымен қатар, дивизиондағы жағдай үнемі өзгеріп отырғандықтан, қарсыластар тізімі де алдағы айларда нақтыланбақ. Қазір Махачев пен Илия Топурия арасындағы жекпе-жек жиі талқыланып жүр. Осындай жағдайда Рахмонов жаттығу процесін бастап кеткен, ал команда оның қаңтар немесе ақпан айларында жекпе-жек өткізуін жоспарлап отыр.

Шавкат соңғы рет өткен жылдың желтоқсанында октагонға шығып, Иэн Гэрриді төрешілер шешімімен жеңген болатын. Алдағы айқас Рахмоновтың жартылай орта салмақтағы орнын қайта айқындап, оның титулдық жекпе-жекке жақындау мүмкіндігін бағалауға көмектпек.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
16 Ноя - 17:14 Бокс
Базров Рахмонов пен Махачев арасындағы жекпе-жек мүмкіндігі туралы пікір білдірді
15 Ноя - 14:05 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы орта салмақта абсолют чемпион атануды мақсат етіп отырғанын мәлімдеді
15 Ноя - 08:55 Бокс
Ангелина Лукас Каирде өткен титулдық жекпе-жекте кәсіби рингтегі екінші жеңілісін қабылдады
14 Ноя - 17:05 Бокс
Әли Ахмедовтың келесі жекпе-жегі 27 желтоқсанда Алматыда өтеді
12 Ноя - 12:45 Бокс
Бокстан Әлем кубогының финалдық кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды
07 Ноя - 11:01 Бокс
Алматыда қазақстандық жұлдыздар қатысатын кәсіпқой бокс кеші өтеді
07 Ноя - 09:27 Бокс
IBF рейтингінде қазақстандық боксшылар өз орындарын сақтап қалды
29 Окт - 18:19 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы Кроуфордтың жекпе-жек жайлы меңзеуіне жауап берді
28 Окт - 14:19 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы үш чемпиондық белбеу үшін Эрисланди Ларамен жұдырықтасады
21 Окт - 12:01 Бокс
Александр Усик келесі қарсыласын анықтап, 41 жасқа дейін рингте қалмақ