Александр Усик келесі қарсыласын анықтап, 41 жасқа дейін рингте қалмақ

Александр Усик

Александр Усик. Фото: ATP

Ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы Александр Усик (24-0, 15 КО) 41 жасқа дейін рингте өнер көрсетуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Қаңтарда 39 жасқа толатын украиналық боксшы бұған дейін мансабын аяқтауға жақын екенін айтқан еді, алайда бұл жолы ойын өзгерткен сыңайлы.

Бұл ақпаратты оның жақын досы әрі Usyk17 компаниясының директоры Сергей Лапин растады. The Ring басылымының шолушысы Майк Коппинджерге берген сұхбатында ол Усиктің келесі қарсыласы алдағы сенбіде өтетін Джозеф Паркер (36-3, 24 КО) пен Фабио Уордли (19-0-1, 18 КО) арасындағы жекпе-жектің жеңімпазы болатынын айтты.

Лапиннің сөзінше, Усик алдағы жылдарға нақты жоспар құрған және тағы бес жекпе-жек өткізуді көздейді. Алғашқысы 2026 жылдың алғашқы жартысында өтпек. Ол сондай-ақ Александрдың жарақаттан толық айығып, бабына келгенін және дайындықты жоғары деңгейде жалғастырып жатқанын жеткізді.

Осылайша, ауыр салмақтың абсолютті чемпионы жақын уақытта мансабын аяқтамай, жанкүйерлеріне тағы бірнеше қызықты жекпе-жек сыйламақ.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Окт - 17:00 Бокс
Әлімханұлы Адаместің Zuffa Boxing-пен келісіміне қатысты пікір білдірді
10 Окт - 08:24 Бокс
WBO Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегін ресми растады
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
09 Окт - 09:15 Бокс
АҚШ-та Якоб Банктің Жәнібек Әлімханұлына қиындық туғызуы мүмкін екені айтылды
08 Окт - 09:04 Бокс
Boxingnews24 Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін ықтимал жекпе-жегіне баға берді
07 Окт - 16:00 Бокс
Айдос Тастаев Үндістанда UBO Continental белбеуін жеңіп алды
05 Окт - 09:35 Бокс
Виктор Теміров кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді
02 Окт - 16:00 Бокс
Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
02 Окт - 12:05 Бокс
WBA рейтингінде төрт қазақстандық боксшы өз орындарын сақтады
30 Сен - 13:45 Бокс
Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы жекпе-жектерден кейін World Boxing ұйымына хат жолдады