Жәнібек Әлімханұлы қарсыласына соңғы талап қойды

Жанибек Алимханулы

Фото: janibek_alimkhanuly/Instagram

Орта салмақтағы WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлы Карлос Адамеске ашық мәлімдеме жасап, жекпе-жекке шықпаса, басқа қарсыласпен белбеуін қорғайтынын айтты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Ол әлеуметтік желідегі жазбасында: «АҚШ-қа ұшып барамын. Қарашада жекпе-жекке дайын боламын! Адаместе соңғы мүмкіндіктер қалды. Егер келісім бермесе, мен белбеулерімді басқа боксшыларға қарсы қорғаймын. Сондықтан оған және менеджерлеріне: уақыттарыңыз таусылып жатыр!» – деп жазды.

Еске салайық, Жәнібек сәуір айында франциялық Анауэль Нгамиссенгені нокаутпен жеңіп, чемпиондық атағын сәтті қорғаған еді. Ал Адамеспен өтетін біріктіруші кездесу туралы нақты шешім әлі шыққан жоқ. Турки әл аш-Шейх бұл жекпе-жек өтпейтінін айтқанымен, Жәнібек оған үмітін үзбей отыр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
17 Сен - 12:05 Бокс
Геннадий Головкин бокс бойынша Еуропа чемпионатына қатысу үшін Софияға барды
17 Сен - 10:45 Бокс ММА
Мейірім Нұрсұлтанов Хесус Рамоспен жекпе-жектен кейінгі мақсатын атады
17 Сен - 09:15 Бокс
Шираз бен Әлімханұлының титулдық жекпе-жектегі гонорары белгілі болды
16 Сен - 17:55 Бокс
Айдос Медет келесі жекпе-жегін 23 қазанда Хьюстонда өткізеді
14 Сен - 16:30 Бокс
Хамза Шираз операциядан кейін рингке оралатын уақытын айтты
14 Сен - 10:45 Бокс
Әлем чемпионы атағына екі рет таласқан Джордж Чувало 89 жасында қайтыс болды
11 Сен - 16:30 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз жекпе-жегінің тағдыры жаңа кезеңге өтті
28 Авг - 13:04 Бокс
Санжар Тәшкенбай кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін Астанада өткізеді
28 Авг - 11:15 Бокс
Әлімханұлы Шираз үшін ең қауіпті қарсылас болуы мүмкін: британдық боксшыны ауыр сынақ күтіп тұр
26 Авг - 13:45 Бокс
Шираз Алимханұлына қарсы міндетті жекпе-жек алдында WBO белбеуінен бас тартуы мүмкін