Зарина Толыбай бокстан Азия чемпионы атанды

05ad3662 6312 4d15 b7d0 73a02cf3eee2

Қазақстандық боксшы Зарина Толыбай Индонезияның Джакарта қаласында өтіп жатқан 19 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

80 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі финалда қазақстандық спортшы үндістандық Пречи Токаспен кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша Зарина Толыбай төрешілердің 3:2 есебімен шығарған шешімі арқылы жеңіске жетіп, Азия чемпионатының алтын медалін иеленді.

Бұл – Зарина Толыбайдың халықаралық деңгейдегі алғашқы ірі жетістігі емес. Ол бұған дейін Польшада өткен Silesian Women’s Tournament турнирінің жеңімпазы атанып, Шри-Ланкада жастар арасындағы Азия чемпионатында да алтын медаль жеңіп алған.

19 және 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы бокстан Азия чемпионаты Джакартада өтіп жатыр. U19 жас санатындағы финалдық жекпе-жектер 15 және 16 шілдеде өтеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
04 Авг - 17:55 Бокс
Қазақстан әйелдер құрамасының Азия ойындарына қатысатын құрамы белгілі болды
02 Авг - 15:20 Бокс
Рэймонд Мураталья IBF чемпионы атағын сәтті қорғады
02 Авг - 11:02 Бокс
Қазақстандық боксшы бұрынғы әлем чемпионына қарсы титулдық жекпе-жек өткізеді
26 Июл - 00:57 Бокс
Энтони Джошуа екі нокдауннан кейін камбэк жасап, мерейтойлық жеңісіне жетті
22 Июл - 12:19 Бокс
Дмитрий Биволдың келесі жекпе-жегінің өтетін күні белгілі болды
21 Июл - 17:55 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы жаңа салмақта «Канелоға» үндеу жасады
18 Июл - 09:57 Бокс
Евгений Павлов АҚШ-тағы титулдық жекпе-жек алдында көз арбасты
15 Июл - 17:55 Бокс
Кұралай Егінбайқызы жастар арасындағы Азия чемпионатының күміс жүлдегері атанды
15 Июл - 16:25 Бокс
Шұғыла Нәлібай жастар арасындағы Азия чемпионы атанды
15 Июл - 15:05 Бокс
Азиза Исина Қазақстанға жастар арасындағы Азия чемпионатының алтын медалін сыйлады