Усик пен Дюбуа абсолют чемпиондық атақ үшін қайта кездеседі

Усик и Дюбуа

Усик и Дюбуа. Фото: Boxing

19 шілде күні Лондонда, әйгілі «Уэмбли» стадионында Александр Усик (23-0, 14 КО) пен Дэниел Дюбуа (22-2, 21 КО) арасындағы реванш өтеді. Бұл жекпе-жекте ауыр салмақтағы абсолют чемпион атағы сарапқа салынады.

Екі боксшы алғаш рет 2023 жылдың тамызында Польшада кездескен. Ол кезде Усик тоғызыншы раундта нокаутпен жеңіске жетіп, WBA, WBO және IBF белбеулерін қорғаған болатын. 2024 жылы Усик Тайсон Фьюриді екі рет жеңіп, абсолют чемпион атанғанымен, кейін IBF титулынан айырылды.

Ал Дюбуа уақытша чемпион атағын жеңіп алып, кейін толыққанды IBF чемпионы атанды. Қыркүйек айында ол Энтони Джошуаны нокаутқа жіберіп, титулын сәтті қорғаған. Енді ол Усикпен қайта жұдырықтасуға дайындалып жатыр.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
07 Мар - 16:00 Бокс
Сұлтан Заурбек WBO рейтингінің үздік 15 боксшысы қатарынан шығып қалды
05 Мар - 13:00 Бокс
Тайсон мен Мэйвезер жекпе-жегінің жоспарланған күні өзгеруі мүмкін
28 Фев - 13:40 Бокс
Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев ESPN рейтингінің үздік ондығынан шықты
28 Фев - 10:29 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының ісі бойынша IBF шешімі жақын күндері жариялануы мүмкін
27 Фев - 20:11 Бокс
Алты қазақстандық бұрымды боксшы Странджа кубогының жартылай финалына өтті
27 Фев - 12:08 Бокс
Дензел Бентли Жәнібек Әлімханұлын уақытша титулдарынан айыру керек деп санайды
26 Фев - 12:16 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы екінші мәрте жазаланды
25 Фев - 20:00 Бокс
«Странджа» турнирінде қазақстандық бауырлар арасындағы жекпе-жек өтпеді
25 Фев - 08:46 Бокс
Данияр Елеусінов 5 сәуірде Zuffa Boxing лигасында жекпе-жек өткізеді
21 Фев - 17:17 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы дисквалификация аяқталған соң рингке оралуды жоспарлап отыр