Теннисші Анна Данилина Лондон финалында есе жіберді

Анна Данилина

Фото: VCG via Getty Images

Қазақстандық теннисші Анна Данилина Лондонда өткен беделді турнирдің финалында жеңіске жете алмады, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz. Ол ресейлік серіктесі Диана Шнайдермен бірге шешуші ойында америкалық Эйжа Мухаммад пен нидерландтық Деми Схурспен күш сынасты.

Финалдық матч 7:5, 6:7 (3:7), 10:4 есебімен аяқталды. Мухаммад пен Схурс жарысқа төртінші нөмірмен қатысса, Данилина мен Шнайдер екінші нөмірмен тіркелген еді. Кездесу 1 сағат 44 минутқа созылды.

Айта кетейік, бұл турнир Анна мен Диананың жұптасып ойнаған алғашқы бәсекесі болды. Қазіргі таңда Анна Данилина WTA жұптық рейтингінде 9-орында тұр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 17:02 Теннис
Стефанос Циципас Almaty Open турнирінің екінші айналымында Михаил Кукушкинмен кездеседі
19 Окт - 12:05 Теннис
Рыбакина әлемдік рейтингтегі көшбасшылығын сақтады, Путинцева 14 орынға көтерілді
17 Окт - 22:57 Теннис
Александр Шевченко Almaty Open ATP 250 турнирінің іріктеу кезеңінің финалына шықты
16 Окт - 16:00 Теннис
Рафаэль Ходар Шанхайдағы төртінші камбэгін жасап, «Мастерс» жартылай финалына шықты
16 Окт - 15:20 Теннис
Сонай Картал Ухандағы WTA-1000 турнирінде жартылай финалға жолдама алды
15 Окт - 21:13 Теннис
Алматыда World Tennis Бас ассамблеясының қорытындысы шығарылды
13 Окт - 15:45 Теннис
Юлия Путинцева камбэк жасап, Ухань турнирінің екінші кезеңіне өтті
12 Окт - 14:54 Теннис
Арина Соболенко Елена Рыбакинамен бәсекелестігі туралы пікір білдірді
12 Окт - 09:15 Теннис
Анна Данилина жұптық сындағы WTA рейтингінде жетінші орынға түсті
12 Окт - 08:38 Теннис
Елена Рыбакина WTA рейтингіндегі көшбасшылығын сақтады, Мирра Андреева үздік үштікке енді