Бурабайдағы триатлоннан Азия кубогында қазақстандықтар топ жарды

Триатлон

Фото: Olympic.kz

Бурабайда триатлоннан Азия кубогының кезеңі өтті, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz.

Бұл жарысқа Қазақстан, Германия, Оңтүстік Корея, Жапония, Чехия және өзге елдерден 120-дан аса спортшы қатысты. Турнир World Triathlon ұйымының күнтізбесіне енген және Азия мен әлем чемпионаттарына дайындықтағы маңызды кезең саналады.

Элита санатындағы ерлер бәсекесінде Дарын Қонысбаев үздік шықты. Ол барлық қашықтықты 1 сағат 46 минут 28 секундта бағындырды. Күміс жүлде ресейлік Роман Миневке бұйырса, қола неміс атлеті Тилль Крампқа тиді.

Қыздар арасындағы жасөспірімдер жарысында Диана Ержанова чемпион атанды (1:08:20). Екінші орынды өзбекстандық Диана Биктимирова иеленді. Ал Анель Исабаева 1:10:54 нәтижесімен үшінші орыннан көрінді. Жасөспірім ұлдар сайысында үш жүлдені де қазақстандықтар қанжығалады: Елмурат Қанай – алтын, Илья Крупяков – күміс, Рамазан Айнегов – қола.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар