Анна Данилина Римдегі WTA 1000 турнирінің екінші айналымына шықты

Анна Данилина

Фото: VCG via Getty Images

Қазақстандық теннисші Анна Данилина америкалық Эйжа Мухаммадпен бірге Римде өтіп жатқан WTA 1000 турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Қазақстандық-америкалық жұп алғашқы айналымда қиын жеңіске жетті.

Турнирде алтыншы нөмірмен тіркелген Данилина мен Мухаммад Қытай өкілдері Синью Янь мен Сюй Ифаньға қарсы матчтың фавориті саналған еді. Бірінші сетте олар 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Екінші партияда бастама толықтай қытайлық теннисшілерге өтті. Олар қарсыластарын 6:1 есебімен жеңіп, есепті теңестірді. Матч тағдыры шешуші үшінші сетте анықталды.

Қытайлық жұп 9:6 есебінде төрт матчболға ие болғанымен, Данилина мен Мухаммад камбэк жасап, кездесуді 13:11 есебімен өз пайдасына аяқтады. Енді олар 1/8 финалда Ирина Хромачёва мен Джулиана Олмос жұбына қарсы ойнайды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру