Тарихи сәт: Геннадий Головкин ресми түрде World Boxing ұйымының президенті атанды

Геннадий Головкин

Фото: НОК РК

Геннадий Головкин Италияның Рим қаласында өткен Конгресте Халықаралық World Boxing федерациясының президенті болып сайланды.

Ол халықаралық спорт федерациясын басқарып отырған алғашқы қазақстандық ретінде тарихқа енді. Өкілеттік мерзімі – үш жыл.

“Мен боксқа қатысты жолдың барлық кезеңінен өттім. Спортшы болып, Олимпиада ойындарында ел намысын қорғадым. Кейін әлем чемпионы атандым. Енді міне, спорт саласында көшбасшы ретінде қызмет етіп келемін.

Мен мұнда бокстың болашағы үшін жұмыс істеуге келдім.

Халықаралық Олимпиадалық комитеті Olympism365 комиссиясының мүшесі әрі World Boxing Олимпиадалық комиссиясының төрағасы ретінде жақсы білетінім: әділ басқару – спортшыларды және біздің спортты қорғайтын басты тетік.

Бүгін біз алға қарай маңызды қадам жасап отырмыз. Біз спортшылар сенетін, Олимпиадалық қауымдастық құрметтейтін Федерацияға айналуымыз керек.

Әрбір боксшы әділ әрі қауіпсіз спортта өсіп, дамыса деймін. Біз тәуелсіз боламыз, бірақ Олимпиадалық құндылықтарды құрметтеп, әділдік, теңдік және спортшыны қорғау қағидаларына сай жұмыс істейміз.

Қолдау көрсетіп, сенім білдіргендеріңіз үшін бәріңізге алғыс айтамын”, – деді Геннадий Головкин.

Конгресс барысында World Boxing ұйымының басқару органдарына сайлау өтті. Сонымен қатар Федерация регламентіне қатысты мәселелер, халықаралық күнтізбе және ұйым құрылымын дамыту тақырыптары қаралды.

Қабылданған барлық шешім ұйым Жарғысына толық сәйкес өтті. Әр мәселе жеке дауысқа салынып, делегаттардың басым бөлігі қолдағаннан кейін ғана бекітілді. Дауыс беруге барлығы 58 ұлттық федерация өкілі қатысты.

Айта кетейік, World Boxing – 2023 жылдың сәуір айында құрылған халықаралық бокс федерациясы. 2024 жылдың қыркүйегінде Геннадий Головкин ұйымның жаңа Олимпиадалық комиссиясының төрағасы болды.

2025 жылдың ақпанында Халықаралық Олимпиадалық комитет World Boxing ұйымын уақытша мойындап, оған боксты әлемдік деңгейде басқару құқығын берді.

Ал наурыз айында ХОК боксты Лос-Анджелесте өтетін 2028 жылғы Олимпиада бағдарламасына ресми түрде енгізу туралы шешім қабылдады.

Қазіргі таңда World Boxing құрамына 136 ел кіреді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Окт - 17:00 Бокс
Әлімханұлы Адаместің Zuffa Boxing-пен келісіміне қатысты пікір білдірді
10 Окт - 08:24 Бокс
WBO Жәнібек Әлімханұлының титулдық жекпе-жегін ресми растады
09 Окт - 17:00 Бокс ММА
Шон Стрикленд UFC-тен кетіп, кәсіпқой боксқа ауысуды ойлап жүр
09 Окт - 09:15 Бокс
АҚШ-та Якоб Банктің Жәнібек Әлімханұлына қиындық туғызуы мүмкін екені айтылды
08 Окт - 09:04 Бокс
Boxingnews24 Жәнібек Әлімханұлының WBO титулы үшін ықтимал жекпе-жегіне баға берді
07 Окт - 16:00 Бокс
Айдос Тастаев Үндістанда UBO Continental белбеуін жеңіп алды
05 Окт - 09:35 Бокс
Виктор Теміров кәсіпқой бокста 12-ші жеңісіне қол жеткізді
02 Окт - 16:00 Бокс
Айбек Оралбай Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды
02 Окт - 12:05 Бокс
WBA рейтингінде төрт қазақстандық боксшы өз орындарын сақтады
30 Сен - 13:45 Бокс
Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындарындағы жекпе-жектерден кейін World Boxing ұйымына хат жолдады