Соня Жиенбаева жарақаттан кейін ITF турына сәтті оралды

Соня Жиенбаева

Фото: ФТК

Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева жарақаттан кейінгі ұзақ үзілістен соң кәсіби ITF турына қайта оралды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

19 жастағы спортшының алғашқы жарысы АҚШ-та өткен W35 Бейкерсфилд турнирі болды.

Жарыстың алғашқы айналымдарында Жиенбаева сенімді ойнап, мексикалық Паулина Монтиэльді — 6:3, 6:2 есебімен, словениялық Зива Фолкнерді — 6:4, 6:1 есебімен жеңді. Ал ширек финалда босниялық Эма Бургичпен өткен тартысты кездесуде 4:6, 7:5, 6:2 есебімен басым түсті.

Осы нәтижелердің арқасында Соня турнирдің жартылай финалына жолдама алды. Онда ол Люксембург елінің өкілі Мари Векерлемен кездеседі. Бұл — оның жарақаттан кейінгі алғашқы ірі жетістігі.

Осылайша, жас теннисші үзілістен кейін кортқа жарқын оралып, өз әлеуетін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 20:11 Теннис
Кукушкин Оэйраштағы «Челленджер» турнирін сәтті бастады
20 Янв - 10:02 Теннис
Елена Рыбакина Australian Open турнирін сенімді жеңіспен бастады
19 Янв - 12:31 Теннис
Зарина Дияс Australian Open-2026 турнирін бірінші айналымда аяқтады
18 Янв - 18:54 Теннис
Александр Бублик Australian Open турнирінің екінші айналымына шықты
18 Янв - 17:05 Теннис
Заңғар Нұрланұлы ITF J300 Траралгон турнирінің ширек финалына шықты
18 Янв - 15:11 Теннис
Қазақстанның Дэвис кубогындағы ерлер құрамасына жаңа капитан тағайындалды
18 Янв - 11:29 Теннис
Юлия Путинцева Australian Open-2026 турнирін жеңіспен бастады
17 Янв - 14:11 Теннис
Александр Бублик Роттердамдағы ATP-500 турниріне қатысады
15 Янв - 09:40 Теннис
Australian Open-2026: қазақстандық теннисшілердің алғашқы қарсыластары белгілі болды
14 Янв - 16:11 Теннис
Анна Данилина теннистен Аустралияда өтіп жатқан ірі турнирдің финалына шығу үшін күреседі