«Селтиктің» бас бапкері Роджерс Сәтпаевтың жоқтығына пікір білдірді

Дастан Сатпаев

Дастан Сатпаев. Фото: Қайрат ФК

«Селтик» клубының бас бапкері Брендан Роджерс Чемпиондар лигасының плей-оффындағы «Қайратқа» қарсы қарымта ойын алдындағы баспасөз жиынында 17 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаевтың алаңға шықпайтыны туралы ойын айтты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

«Ол өте дарынды ойыншы. Оны тамашалау үшін арнайы келген “Челсидің” өкілдерімен сөйлестім. Иә, Сәтпаев мықты футболшы, бірақ “Қайрат” сапында басқа да шебер ойыншылар бар. Біз қарсыласқа тұтас команда ретінде дайындаламыз. “Қайратқа” деген құрметіміз жоғары», — деді Роджерс.

Айта кетейік, Сәтпаев бұл кездесуге тәртіптік жазаға байланысты қатыса алмайды. Алғашқы матч Глазгода 0:0 есебімен аяқталған. Қарымта ойын Алматыда 26 тамыз күні өтеді, басталуы — 21:45.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
16 Дек - 13:21 Футбол
Александр Седнев қыста «Ертісті» тізгіндеуі мүмкін
15 Дек - 22:21 Футбол
Самат Смақов павлодарлық «Ертістің» тізгінін ұстайды
15 Дек - 22:06 Футбол
Зинедин Зидан 2026 жылдан кейін Франция құрамасын басқаруға дайын
15 Дек - 18:13 Футбол
Қарағандыда жаңа жабық футбол стадионы салынбақ
15 Дек - 16:36 Футбол
«Қайрат» орталық аймақты күшейтті: Яакко Оксанен алматылық клубқа ауысты
15 Дек - 13:22 Футбол
Дмитрий Огай «Шахтёр» клубының бас бапкері болып тағайындалды
15 Дек - 10:03 Футбол
«Реал» келесі маусым алдында құрамды жаңартуды жоспарлап отыр
14 Дек - 11:03 Футбол
УЕФА-дан миллиондар: «Қайраттың» жетістігі Қазақстанға қалай қомақты қаржы әкелді
13 Дек - 16:21 Футбол
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы қатысуының Қазақстандағы футболды дамытуға әсері туралы
12 Дек - 12:11 Футбол
«Қайрат» пен «Семей» футзал Чемпиондар лигасының негізгі кезеңі үшін 20 мың еуродан алды