Сауд Арабиясы Фьюри мен Джошуа жекпе-жегін ұйымдастыруда

skysports anthony joshua tyson fury 5900027

Сауд Арабиясының промоутері Турки Әл аш-Шейх британиялық суперауыр салмақ жұлдыздары Тайсон Фьюри мен Энтони Джошуаның кездесуін өткізу үшін жұмыс істеп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Оның айтуынша, басты айқасқа дейін қос боксшы да формасын қалпына келтіріп, қажетті атмосфера қалыптастыру үшін бір-екі дайындық жекпе-жегін өткізуі керек.

Қыркүйекте Джошуа отандасы Дэниел Дюбуаға нокаутпен есе жіберсе, желтоқсанда Фьюри украиналық Александр Усикке қарымтада жеңілген еді. Бұған дейін әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы Леннокс Льюис оларды рингте кездеспейінше күттірмеуге шақырған болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру