Садриддин Ахмедов 21 қарашада АҚШ-та шаршы алаңға шығады

Садриддин Ахмедов

Садриддин Ахмедов. Фото: Sportnews.kz

Қазақ боксшысы Садриддин Ахмедов (15-0-1, 13 КО) келесі жекпе-жегінің өтетін күні белгілі болды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

BoxRec.com дерегінше, оның кезекті айқасы 21 қарашада Калифорния штатының Лонг-Бич қаласында өтеді. Турнирді Том Лёффлердің (360 Promotions) промоутерлік компаниясы ұйымдастырады, жекпе-жектер UFC Fight Pass платформасында көрсетіледі. Қарсыласының есімі әзірге жарияланған жоқ.

«Солдат Q» атанған Ахмедов соңғы жекпе-жегін 19 сәуірде Коммерс қаласында өткізіп, мексикалық Элиас Эспадаспен (23-7-1, 16 КО) күтпеген жерден тең түскен еді. Алдағы айқас боксшының АҚШ-тағы төртінші кездесуі болмақ. Ол Геннадий Головкиннің командасымен — бапкер Абель Санчес, промоутер Том Лёффлер және менеджер Олег Германнмен жұмысын жалғастыруда.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
17 Сен - 12:05 Бокс
Геннадий Головкин бокс бойынша Еуропа чемпионатына қатысу үшін Софияға барды
17 Сен - 10:45 Бокс ММА
Мейірім Нұрсұлтанов Хесус Рамоспен жекпе-жектен кейінгі мақсатын атады
17 Сен - 09:15 Бокс
Шираз бен Әлімханұлының титулдық жекпе-жектегі гонорары белгілі болды
16 Сен - 17:55 Бокс
Айдос Медет келесі жекпе-жегін 23 қазанда Хьюстонда өткізеді
14 Сен - 16:30 Бокс
Хамза Шираз операциядан кейін рингке оралатын уақытын айтты
14 Сен - 10:45 Бокс
Әлем чемпионы атағына екі рет таласқан Джордж Чувало 89 жасында қайтыс болды
11 Сен - 16:30 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз жекпе-жегінің тағдыры жаңа кезеңге өтті
28 Авг - 13:04 Бокс
Санжар Тәшкенбай кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін Астанада өткізеді
28 Авг - 11:15 Бокс
Әлімханұлы Шираз үшін ең қауіпті қарсылас болуы мүмкін: британдық боксшыны ауыр сынақ күтіп тұр
26 Авг - 13:45 Бокс
Шираз Алимханұлына қарсы міндетті жекпе-жек алдында WBO белбеуінен бас тартуы мүмкін