Рыбакина жұптық рейтингте орнын жақсартты

Елена Рыбакина

Елена Рыбакина

Вашингтонда өткен турнирден кейін Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жаңартылған рейтингті жариялады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Жекелей сында көш басында өзгеріс жоқ: бірінші орында — Арина Соболенко, екінші — Кори Гауфф, үшінші — Ига Швёнтек. Қазақстандық Елена Рыбакина жартылай финалға шыққанымен, 12-орнын сақтап қалды. Ол бұл кезеңде канадалық Лейла Фернандеске есе жіберіп, қарсыласы турнир жеңімпазы атанды.

Фернандес бұл табысы арқылы рейтингте 12 сатыға көтеріліп, 24-орынға жайғасты. Финалға шыққан ресейлік Анна Калинская 17 орын ілгерілеп, 31-сатыға жетті. Ал Юлия Путинцева үш саты төмендеп, 46-орында тұр.

Жұптық есепте Анна Данилина 10-орында қалды. Жібек Құламбаева екі орын алға жылжып, 126-орынға шықты. Ал Рыбакина бірден 296 саты жоғарылап, 273-орынды иеленді. Бұл нәтижеге ол Эмма Радуканумен бірге жартылай финалға жетіп, кейін жарақатына байланысты ойынды тоқтатқан соң қол жеткізді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру