Роналду рекорд орнатып, Гиннестен арнайы марапат алды

Криштиану Роналду

Криштиану Роналду

«Әл-Наср» шабуылшысы және Португалия құрамасының капитаны Криштиану Роналду халықаралық арендағы керемет жетістігі үшін Гиннес рекордтар кітабынан естелік тақтаға ие болды.

2024 жылдың қарашасында Польша құрамасымен болған ойында Португалия 5:1 есебімен жеңіске жетті. Сол кездесудегі жеңіс Роналду үшін ұлттық құрамадағы 132-жеңіс болды. Осылайша ол мадридтік «Реалдағы» бұрынғы әріптесі Серхио Рамостың көрсеткішінен асып түсті.

УЕФА Ұлттар лигасындағы Данияға қарсы жауапты матчтың алдында, Лиссабонда орналасқан «Жозе Алваладе» стадионында Роналдуға осы рекордын ресми түрде мойындаған естелік тақта табысталды.

24 наурызда өткен сол ойында Португалия құрамасы Данияны 5:2 есебімен тағы ұтып, жартылай финалға жолдама алды. Ал Роналду ұлттық құрама сапындағы жеңістер санын 133-ке жеткізді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру