Ресейлік боксшы Бивол мен Бетербиев арасындағы үшінші жекпе-жекке болжам жасады

Бивол vs Бетербиев

Бивол vs Бетербиев. Фото: Getty Images

Ресейлік боксшы Георгий Челохсаев Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев арасындағы үшінші кездесуге қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Ол Биволдың бокстегі ойлы стиліне жақын екенін айтып, артықшылықты соған береді. Челохсаевтың сөзінше, Дмитрий екінші кездесуде қарсыласын жақсы зерттеп, дұрыс шешімдер қабылдай білген.

«Бірінші кездесуде Бивол Артурдың соққы қуатын толық сезіне алмаған шығар. Бірақ екінші айқаста ол қорытынды шығарып, мықты дайындықпен шықты. Үшінші кездесуде де дәл солай болады деп ойлаймын», — деді боксшы.

Айта кетейік, қос спортшы бұған дейін екі рет жұдырықтасып, бір-бір жеңістен еншілеген. Ендігі үшінші айқас абсолют чемпион атағын анықтайтын шешуші сәт болмақ.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру