Рай Сейтжанов Лондонда дебют жасайды: келесі жекпе-жегінің күні белгілі болды

Рай Сейтжанов

Рай Сейтжанов. Фото: Tapology

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Рай Сейтжанов (11-1, 7 KO) келесі жекпе-жегінің қай күні өтетінін анықтап қойды. BoxRec.com мәліметінше, ол 25 мамырда Лондонда өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады. Қарсыласы кім болатыны әзірге жарияланған жоқ, ал кешті DAZN платформасы көрсетеді.

Естеріңізде болса, Сейтжанов соңғы рет 2023 жылдың 13 желтоқсанында Мәскеуде жұдырықтасып, ресейлік Вадим Мусаевты (12-0, 8 KO) бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.

Айта кетейік, бұл алдағы кездесу Рай үшін Туманды Альбиондағы алғашқы жекпе-жек болмақ. Бұған дейін ол Қазақстаннан тыс тек Мәскеуде ғана өнер көрсеткен.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
22 Апр - 14:10 Бокс
Иван Дычко Дана Уайт туралы пікір білдірді
21 Апр - 13:01 Бокс
Қазақстан бокстан Бразилиядағы Әлем кубогы кезеңін үш жеңіспен бастады
20 Апр - 14:25 Бокс
Бокстан Әлем кубогының кезеңі: қазақстандықтардың алғашқы қарсыластары белгілі болды
19 Апр - 22:41 Бокс
Қазақстан боксшылары Түркістандағы турнирде 25 медаль жеңіп алды
16 Апр - 16:34 Бокс
Бразилиядағы Әлем кубогының кезеңіне қатысатын қазақстандық боксшылар анықталды
16 Апр - 13:44 Бокс
Жанқош Тұраров WBO чемпионы Кишон Дэвиспен жекпе-жекке келісім берді
16 Апр - 12:27 Бокс
Жанқош Тұраров WBO чемпионы Кишон Дэвиспен спарринг өткізді
15 Апр - 08:55 Бокс
IBF Жәнібек Әлімханұлын рейтингтен алып тастап, WBO титулын мойындамады
14 Апр - 13:55 Бокс
Қазақстандық боксшы 25 сәуірде АҚШ-та кәсіби рингке қайта оралады
14 Апр - 09:07 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің үздік боксшыларының топ-5 қатарына енді