Қуат Хамитов Али Хейбатиді тұншықтыру әдісімен жеңді

Куат Хамитов

Куат Хамитов

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов Атырауда өткен Batyr Fighting Championship турнирінде ирандық Али Хейбатиді мерзімінен бұрын жеңді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Кештің басты жекпе-жегі бірінші раундта аяқталды. Қуат Хамитов қарсыласын партерге өткізіп, тұншықтыру әдісі арқылы жеңіске жетті.

Бұл жеңіс қазақстандық файтер үшін кәсіби мансабындағы 29-жеңіс болды. Қазір Хамитовтың MMA-дегі көрсеткіші — 29 жеңіс, сегіз жеңіліс және екі тең нәтиже.

Бұған дейін қазақстандық спортшы Грузияда өткен турнирде бразилиялық Алан Силваны төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген еді.

Атыраудағы айқас Қуат Хамитов үшін келесі маңызды жекпе-жекке дайындық кезеңдерінің бірі болды. 15 тамызда қазақстандық файтер Мәскеуде өтетін ACA 206 турнирінде ресейлік Алексей Махномен кездеседі.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру