Қонаевта маунтинбайктан Қазақстан чемпионаты өтті

маунтинбайк

Фото: НОК

Қонаев қаласында маунтинбайктан Қазақстан Республикасының чемпионаты мәресіне жетті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Турнир бағдарламасына кросс-кантри (XCC) тәртібіндегі көпкүндік жарыс енгізіліп, елдің түкпір-түкпірінен келген үздік спортшылар бақ сынады.

Ерлер арасында Жетісу облысының өкілі Денис Сергиенко топ жарды. Күміс жүлде шымкенттік Никита Галкинге бұйырса, үздік үштікті тағы бір шымкенттік Константин Казаков түйіндеді.

Әйелдер санатында Павлодар облысының спортшысы Татьяна Генелева жеңімпаз атанды. Екінші орын — Евгения Заам (Жетісу облысы), үшінші орын — Алина Спиринаға (Алматы облысы) бұйырды.

Жасөспірімдер арасында алматылық Богдан Лухманов жеңімпаз атанды. Екінші орын — шымкенттік Альдер Ергешовке, ал үшінші орын — Думан Мешпетке тиесілі. Қыздар жарысында Жамбыл облысының өкілі Юлия Ли бірінші орын алды, күміс жүлде — София Мамаеваға (Қостанай облысы), ал қола — Елизавета Никифороваға (Шығыс Қазақстан облысы) бұйырды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар