Николя Винокуров XDS Astana Team-мен 2027 жылға дейін келісімін ұзартты

Николя Винокуров

Фото: astanafans.com

Қазақстандық велошабандоз Николя Винокуров әлемдік турдағы XDS Astana Team командасымен екі жылдық жаңа келісімшартқа қол қойды. Ол 2026 және 2027 маусымдарын қамтиды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

23 жастағы спортшы биыл ерекше маусым өткізді. Қазан айында ол Азиядағы ең беделді көпкүндік жарыстардың бірі — «Тур Лангкавиде» (2.Pro санаты) жалпы есепте төртінші болып, ең үздік азиялық шабандоз атағына ие болды. Бұған дейін жазда «Австрия турының» таулы кезеңдер рейтингінде жеңіске жеткен еді.

Бұрын Николя Азия чемпионатында (U23) жеке жарыста (2024) және Қазақстан чемпионатында топтық жарыста (2023) алтын медаль иеленген.

«XDS Astana Team командасының намысын қорғауды жалғастыру — мен үшін үлкен құрмет. Биылғы маусым менің мансабымда жаңа белес болды. Алдағы екі жылда басты мақсатым — кәсіби деңгейде жеңістерге жету», — деді Николя Винокуров.

Команданың бас менеджері Александр Винокуров:

«Биыл Николя айтарлықтай өсім көрсетті. Тәжірибесі мен сенімділігі артты. Қазір ол қазақстандық кәсіби шабандоздардың үздіктерінің бірі, ал алда — жаңа биіктерге жетуге мүмкіндік беретін екі маусым бар», — деп атап өтті.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
21 Апр - 14:42 Велосипед
Әлішер Жұмақан велотректен Әлем кубогы кезеңінде үздік ондыққа енді
20 Апр - 13:01 Велосипед
Николя Винокуров «Хайнань турында» үздік азиялық велошабандоз атанды
16 Апр - 18:24 Велосипед
«Астана» «Хайнань турында» кезеңінде жеңіске жетіп, жалпы есепте көш бастады
30 Мар - 13:23 Велосипед
Жұмақан тректегі велоспорттан Азия чемпионатында күміс жүлде жеңіп алды
27 Мар - 20:08 Велосипед
«Астана» велокомандасының шабандозы Италиядағы кезеңде жүлдегер атанды
17 Мар - 14:38 Велосипед
Қазақстан тректегі велоспорттан Азия чемпионатында өнер көрсетеді
08 Фев - 20:17 Велосипед
«XDS Astana Team» командасының шабандозы «Оман туры» көпкүндігінде екінші орын алды
05 Фев - 12:17 Велосипед
Велоспорт: Рината Сұлтанова Азия чемпионы атанды
23 Янв - 21:50 Велосипед
«XDS Astana Team» сапындағы италиялық шабандоз Еуропадағы маусымның алғашқы жарысында жеңіске жетті
17 Дек - 16:03 Велосипед
Кристиан Скарони XDS Astana Team құрамында 2028 жылға дейін қалады