Қазақстандық жас шабуылшы «Атлетико» клубына қаралымға барды
«Шахтёр» клубының 19 жастағы шабуылшысы Глеб Макридов мадридтік «Атлетикоға» бір апталық қаралымнан өту үшін барды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Бұл мүмкіндікке ол QJ League маусымының ең үздік ойыншысы атануының арқасында ие болды.
Макридов «Атлетико» жүйесінде бір апта бойы дайындықтан өтеді. Өткен маусымда ол «Шахтёрдың» жастар құрамасында өнер көрсетіп, 19 матчта 19 гол соғып, 10 нәтижелі пас берді. Бұл көрсеткіштер турнирдегі ең үздік нәтижелердің бірі болды.
Қысқы кезеңде футболшы «Шахтёрдың» негізгі командасымен бірге оқу-жаттығу жиындарына қатысып, негізгі құрам деңгейінде тәжірибе жинақтады. Бұл оның кәсіби дамуына маңызды қадам болды.
Бұған дейін Макридов QJ League турнирінде нәтижелілік бойынша Дастан Сәтпаевқа тиесілі рекордты жаңартқан еді. «Атлетико» клубындағы қаралым оның мансабындағы келесі маңызды кезеңдердің бірі болуы мүмкін.
Арман Әшімов Алматыда жекпе-жек өткізеді
Бокстан Қазақстан құрамасы Черногориядағы турнирде бес медаль жеңіп алды
