Қазақстандық могулшылар Олимпиада-2026 жарысын аяқтады

Анастасия Городко

Италияда өтіп жатқан қысқы Олимпиада-2026 ойындарында әйелдер арасындағы параллель могул бәсекесі ұйымдастырылды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Бұл бағдарламада Қазақстан құрамасы сапынан Анастасия Городко, Юлия Галышева және Аяулым Амренова өнер көрсетті.

Турнирлік кестеде ең жоғары нәтижеге Анастасия Городко қол жеткізді. Ол 1/16 финалда Қытай өкілі Я Янды жеңіп, 1/8 финалда Франция спортшысы Камиль Кабролдан басым түсті. Ширек финалда қазақстандық спортшы АҚШ өкілі, Олимпиаданың екі дүркін жүлдегері Джейлин Кауфпен кездесті. Жарыс барысында Городко құлап қалып, жарысты осы кезеңде аяқтады.

Юлия Галышева алғашқы айналымда Оңтүстік Корея спортшысы Юн Шин Иді жеңіп өтті. Алайда 1/8 финалда 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері жапониялық Хинако Томитакаға жол берді. Аяулым Амренова алғашқы кезеңде канадалық Джессика Линтонға есе жіберіп, жарыстан шығып қалды.

Осылайша, әйелдер құрамасы параллель могул бағдарламасы бойынша Олимпиададағы өнерін аяқтады. Алтын медальді австралиялық Джакара Энтони жеңіп алса, күміс жүлде Джейлин Кауфқа бұйырды. Қола медальді АҚШ өкілі Элизабет Лемли иеленді. 15 ақпанда ерлер арасындағы параллель могулда Қазақстан атынан Павел Колмаков сынға түседі.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
04 Апр - 08:58 Басқа
Шайдоров маусымның үздік мәнерлеп сырғанаушысы атағына үміткер атанды
30 Мар - 12:45 Басқа
Қазақстан гимнасттары Софиядағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетті
27 Мар - 19:16 Басқа
Қазақстан құрамасы Париждегі Әлем кубогы кезеңінде алғашқы медалін жеңіп алды
27 Мар - 11:45 Басқа
Қазақстан құрамасы Азия кубогында тағы үш медаль жеңіп алды
22 Мар - 11:46 Басқа
Ерекешева Афинадағы турнирде алтын медаль жеңіп алды
18 Мар - 10:55 Басқа
Конькимен жүгіруден Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары анықталды
15 Мар - 18:28 Басқа
Қазақстан Паралимпиада-2026 ойындарын 18-орында аяқтады
15 Мар - 08:14 Басқа
Гимнаст Зейнолла Ыдырысов Түркиядағы Әлем кубогы кезеңінде күміс медаль жеңіп алды
13 Мар - 17:16 Басқа
Ербол Хамитов Паралимпиада чемпионы атанды
13 Мар - 13:11 Басқа
Урманов Шайдоровпен жұмысы және Мишин мектебінің ықпалы туралы айтты