Қазақстан құрамасы Азия кубогында тағы үш медаль жеңіп алды

1774600725 1

Қазақстанның садақ атудан ұлттық құрамасы Бангкокта өткен Азия кубогының алғашқы кезеңінде тағы үш медаль еншіледі, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Спортшылар командалық жарыстарда жоғары нәтиже көрсетті.

Классикалық садақ атудан ерлер құрамасы алтын медаль жеңіп алды. Ильфат Абдуллин, Даулеткелді Жаңбырбай және Дастан Каримов финалда Үндістан құрамасын 5:4 есебімен жеңді.

Әйелдер арасындағы классикалық садақ атудан Қазақстан құрамасы да бірінші орынға ие болды. Шешуші кездесуде Александра Землянова, Самира Жұмағұлова және Диана Турсунбек Қытай құрамасын 6:2 есебімен ұтты.

Үшінші жүлде блокты садақ атудан аралас командалар сайысында тіркелді. Виктория Лян мен Бунед Мирзаметов Сингапур құрамасын 152:151 есебімен жеңіп, қола медаль иеленді. Бұған дейін блокты садақ атудан әйелдер командасы сапында Виктория Лян, Роксана Юнусова және Диана Юнусова алтын жүлде алған болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
27 Окт - 16:00 Басқа
Қазақстан құрамасының Дакардағы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын құрамы жарияланды
21 Окт - 10:30 Басқа
Қазақстандық садақшылар Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алды
21 Окт - 09:05 Басқа
Ислам Салимов Азия Пара ойындарында күміс медаль жеңіп алды
21 Окт - 08:30 Басқа
Махамбет Серікқалиев Азия Пара ойындарында қола медаль жеңіп алды
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 12:00 Басқа
Биржан Оразов: Қазақстан құрамасының мақсаты – іріктеу тобында бірінші орын алу
20 Окт - 11:20 Басқа
Севда Әлиева Азия Пара ойындарында үздік алтылыққа енді
20 Окт - 10:49 Басқа
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар Budapest Trophy додасында жүлдесіз қалды
20 Окт - 09:15 Басқа
Қазақстан пара үстел теннисінен Азия Пара ойындарындағы алғашқы медальдарын алды
20 Окт - 08:20 Басқа
Гүлім Құрманбаева Азия Пара ойындарында жүлдеге сәл жетпей қалды