Қазақстандық боксшылардың WBC-дегі рейтингі жаңартты

Мейирим Нурсултанов

Мейирим Нурсултанов

Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) барлық салмақ дәрежелері бойынша жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Ауыр салмақта жұдырықтасатын Иван Дычко екі орынға төмен түсіп, 34-орынға тұрақтады. Екінші орта салмақта Бек Нұрмағамбет төрт сатыға жоғарылап, үздік он бестікке енді. Ол 15-орынға жайғасты. Ал Әли Ахмедов бір саты төмендеп, 29-орынға түсті.

Орта салмақтағы Мейірім Нұрсұлтанов рейтинг көшін бастап тұр. Ол — әлем чемпионы Карлос Адамеске басты үміткер. Бірінші орта салмақта Садриддин Ахмедов 32-орыннан 33-орынға сырғыды.

Жартылай орта салмақтағы Данияр Елеусінов 30-орында қалды. Бірінші жартылай орта салмақта Батыр Жүкембаев 29-орыннан 32-орынға түсті. Ал Сұлтан Заурбек екінші жартылай жеңіл салмақта 18-орында, бұған дейін ол 16-сатыда болған.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру