Қазақстанда он жаңа футбол стадионының жобасы әзірленіп жатыр

Новый стадион в Кызылорде.
Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Үкімет отырысында елдегі он футбол стадионы бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында өңірлік орталықтарда футбол ареналарын салу және қайта жаңарту жұмыстары белсенді жүргізілуде. Бұл мақсатқа демеушілік және жеке инвестициялар тартылуда. Қызылорда қаласында 11 мың орындық жаңа стадион пайдалануға берілді, нысан УЕФА талаптарына сай жабдықталған.
Астанада 3 600 орындық стадионның құрылысы жалғасуда, оны 2026 жылдың бірінші тоқсанында аяқтау жоспарланған. Сондай-ақ елімізде тағы 14 жаңа стадион салу қажеттілігі бар, олардың 10-ы бойынша жобалық құжаттама дайындалуда.
Қолданыстағы жеті стадионды қайта жөндеу жоспарланған. Қарағанды мен Оралда құрылыс жұмыстары басталып кетті, Атырау мен Ақтауда жобалар мемлекеттік сараптамадан өтті, ал Өскеменде оның қорытындысын күту үстінде. Сонымен қатар, Алматы мен Жезқазғандағы стадиондарға қатысты құжаттама әзірлеу қажет.
Елена Рыбакина WTA қорытынды турнирінің финалында Арина Соболенкоға қарсы ойнайды
Елена Рыбакина WTA маусымдық финалында Азия теннисі тарихын жаңадан жазды
