Қазақстан құрамасының шабуылшысы РПЛ-дегі үздік клубтардың біріне ауысуы мүмкін

Максим Самородов. Фото: samorodov_10_
Грозныйдың «Ахмат» клубы мен Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородов Ресей Премьер-лигасының үздік клубтарының бірінде мансабын жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
«Мутко против» Telegram-арнасының мәліметінше, 23 жастағы қазақстандық футболшыға «Краснодар» мен мәскеулік «Локомотив» қызығушылық танытып отыр.
Самородов «Ахмат» сапына 2024 жылдың жазында «Ақтөбе» клубынан ауысып келген болатын. Қазақстандық шабуылшының грозныйлық клубпен келісімшарты 2028 жылға дейін есептелген.
Өткен маусымда Самородов барлық турнирде 34 матч өткізіп, бес гол соғып, он нәтижелі пас берген.
Алдыңғы мақала:
Лука Модрич мансабын ӘЧ-2026-дан кейін аяқтайдыКелесі мақала:
Стас Покатилов «Сабахпен» келісімшартын ұзартты
