Лука Модрич мансабын ӘЧ-2026-дан кейін аяқтайды

Лука Модрич

Фото: NurPhoto

«Милан» клубының жартылай қорғаушысы Лука Модрич кәсіби мансабын 2026 жылғы әлем чемпионатынан кейін аяқтайды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Журналист әрі инсайдер Николо Скираның мәліметінше, алдағы мундиаль хорватиялық футболшының мансабындағы соңғы ірі турнир болмақ.

Қыркүйек айында Модрич 41 жасқа толады. Бұған дейін тәжірибелі хавбек «Миланмен» келісімшартын ұзартпай, 2026 жылдың жазында клубтан кететіні хабарланған болатын.

Лука Модрич «Милан» сапына 2025 жылдың жазында еркін агент ретінде қосылды. Өткен маусымда хорватиялық футболшы 37 матч өткізіп, екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Футболшының «россонеримен» келісімі 2026 жылдың 30 маусымына дейін жарамды. Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, ойыншының нарықтық құны шамамен төрт миллион еуроны құрайды.

Модрич мансабында мадридтік «Реал», «Тоттенхэм», загребтік «Динамо», «Интер» Запрешич және «ХСК Зриньски Мостар» клубтарында өнер көрсеткен.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
13 Июн - 10:54 Футбол
«Қайрат» мадридтік «Реалдың» бұрынғы шабуылшысын қатарына қосты
13 Июн - 09:28 Футбол
«Астана» ойыншысы әлем чемпионатында ҚПЛ тарихына енді
13 Июн - 09:20 Футбол
АҚШ ірі есеппен жеңді, Канада әлем чемпионатындағы алғашқы ұпайына қол жеткізді
13 Июн - 08:00 Футбол
Футболдан әлем чемпионаты: 13 маусымдағы ойындар күнтізбесі
12 Июн - 18:28 Футбол
Лука Модрич мансабын ӘЧ-2026 аяқталғаннан кейін тәмамдамақ
11 Июн - 15:37 Футбол
Роналду ӘЧ-2026 қатысушылары арасындағы ең жоғары табыс табатын футболшылар рейтингінде көш бастады
11 Июн - 08:00 Футбол
ӘЧ-2026: Қазақстандық жанкүйерлер матчтарды қайдан және қай уақытта көре алады
08 Июн - 17:55 Футбол
Кристиан Эриксен Украинаға қарсы матчтағы жағдайдан кейін ауруханадан шығарылады
08 Июн - 12:05 Футбол
«Челси» қорғаушысы «Барселонаға» ауысқысы келеді
08 Июн - 08:30 Футбол
«Қайрат» жолдастық кездесуде «Жетісуды» ірі есеппен жеңді