Қазақстан боксшылары «Странджа кубогында» жалпы есепте топ жарды

Кубок Странджа

Кубок Странджа

Қазақстан ерлер құрамасы Болгарияның София қаласында өткен «Страндж кубогында» үздік нәтиже көрсетті. Бұл турнирді «шағын әлем чемпионаты» деп те атайды.

Қазақ боксшылары 18 медаль жеңіп алды: 5 алтын, 9 күміс, 4 қола. Осы нәтижемен команда ерлер арасындағы жалпы есепте бірінші орынға шықты.

Екінші орын – Өзбекстан құрамасында. Олар 8 жүлде (5 алтын, 1 күміс, 2 қола) еншіледі. Үздік үштікті турнир иелері – Болгария құрамасы түйіндеді. Олардың қоржынында 5 медаль (2 алтын, 3 қола) бар.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру