«Қазақ патшасы» әлемдік рейтингте көтерілді

Султан Заурбек

Султан Заурбек. Фото: Getty Images

Қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек Астанада өткен бокс кешінде жарқырай көзге түсіп, BoxRec рейтингінде өз орнын жақсартты. «Қазақ патшасы» деген атпен танылған спортшы Оңтүстік Африка өкілі Азинга Фузилені төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіп шықты.

Бұл кездесу IBF Inter-Continental белбеуі үшін болған. Сұлтан осы жекпе-жектен кейін екінші жартылай жеңіл салмақта әлемдік рейтингте бірден 21-орыннан 11-ге көтерілді.

Астанадағы бокс кешінің басты жекпе-жегінде Жәнібек Әлімханұлы франциялық қарсыласы Анауэль Нгамиссенгені бесінші раундта нокаутқа түсіріп, орта салмақтағы WBO және IBF чемпиондық белбеулерін сәтті қорғап қалды.

Сұлтан Заурбектің бұл жеңісі оны әлемдік аренадағы үлкен айқастарға бір табан жақындатты. Енді ол ТОП-10-ға кіруге өте жақын тұр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
10 Мар - 20:53 Бокс
Әлімханұлы IBF тұжырымдамасы бойынша чемпиондық белбеуінен айырылды
09 Мар - 14:01 Бокс
Қазақстандық боксшы WBC рейтингінде бірінші орнын сақтап қалды
09 Мар - 09:31 Бокс
Әлімханұлы ықтимал біріктіру жекпе-жегіне дайындықты бастады
07 Мар - 16:00 Бокс
Сұлтан Заурбек WBO рейтингінің үздік 15 боксшысы қатарынан шығып қалды
05 Мар - 13:00 Бокс
Тайсон мен Мэйвезер жекпе-жегінің жоспарланған күні өзгеруі мүмкін
28 Фев - 13:40 Бокс
Дмитрий Бивол мен Артур Бетербиев ESPN рейтингінің үздік ондығынан шықты
28 Фев - 10:29 Бокс
Жәнібек Әлімханұлының ісі бойынша IBF шешімі жақын күндері жариялануы мүмкін
27 Фев - 20:11 Бокс
Алты қазақстандық бұрымды боксшы Странджа кубогының жартылай финалына өтті
27 Фев - 12:08 Бокс
Дензел Бентли Жәнібек Әлімханұлын уақытша титулдарынан айыру керек деп санайды
26 Фев - 12:16 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы екінші мәрте жазаланды