Қарашаның соңына дейін «Қызыл-Жар СК», «Жеңіс» және «Шахтер» футбол клубтары жекешелендіріледі

Кызылжар

Фото: Кызылжар

Қазақстан футбол федерациясы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың отандық футбол клубтарын жекешелендіру және коммерцияландыру жөніндегі тапсырмасын орындауды жалғастыруда.

4 қарашада Астанада ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен спорт инфрақұрылымын дамыту және бұқаралық спортты қолдау мәселелері туралы Үкімет отырысы өтті.

Жиында баяндама жасаған Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы Давид Лория  2025 жылдың қарашасына дейін жеке меншікке тағы үш клуб өтетінін атап өтті. Олар «Шахтер» (Қарағанды), «Жеңіс» (Астана) және «Қызыл-Жар СК» (Петропавл) футбол клубтары. Бұл жұмыстарға тартылған инвестицияның жалпы көлемі 45 млрдтан астам теңгені құрайды.

Бұдан бөлек, «Елімай» (Семей) футбол клубы коммерциялық емес акционерлік қоғам түріне ауыстырылды. Бұл шешім «Реал Мадрид», «Барселона» және «Байер 04» сияқты еуропалық клубтардың үлгісімен жүзеге асырылды. Жаңа үлгі аясында 100 миллион акция шығарылып, клубтың басқару ашықтығы мен қаржылық тұрақтылығы артады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
26 Дек - 13:33 Футбол
Goal нұсқасы бойынша АПЛ-2025/26 маусымының үздік ойыншысы анықталды
26 Дек - 12:30 Футбол
Дешам дәуірінен кейінгі кезең: Франция құрамасын Зидан қабылдауы мүмкін
26 Дек - 09:22 Футбол
Transfermarkt рейтингі жаңарды: «Реал» көш бастады, «Тоттенхэм» үздік ондықта
25 Дек - 13:20 Футбол
Тимур Турловтың «Астана» клубын жекешелендіруден бас тарту себебі белгілі болды
25 Дек - 11:20 Футбол
2025 жылғы маусым қорытындысы: Қазақстан құрамасының үздік ойыншысы — Нұралы Әліп
23 Дек - 15:31 Футбол
Асхат Тағыберген «Тобылмен» келісімшартын ұзартты
21 Дек - 19:30 Футбол
Қазақстан футболшы Ла Лига клубына ауысуға жақын
21 Дек - 16:04 Футбол
«Қызылжар» орталық шепті күшейтпек: клуб Исламбек Қуатқа қызығушылық танытуда
21 Дек - 10:33 Футбол
Мбаппе «Реал» сапындағы Роналдудың рекордын қайталады
21 Дек - 09:49 Футбол
«Жеңіс» клубының бас бапкері болып Әли Әлиев тағайындалды