«Қайраттың» 17 жастағы шабуылшысы Еуропаға ауысады

Дастан Сатпаев

Фото: КФФ

Алматының «Қайрат» клубының жас ойыншысы Дастан Сәтпаевқа еуропалық грандтардың қызығушылығы артып отыр. Ағылшын инсайдерлері 17 жастағы футболшының «Челсиге» ауысатынын, кейін француздық «Страсбургке» жалға берілетінін жазды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Мұндай шешім жас шабуылшының Еуропадағы тәжірибесін арттыруға бағытталған. «Страсбург» — Францияның Лига 1 клубы әрі «Челсидің» серіктес командасы. Қазір клуб тоғыз турдан кейін 16 ұпай жинап, турнир кестесінің тоғызыншы сатысында тұр.

Сәтпаев бұл маусымда «Қайраттың» негізгі құрамында көзге түсіп, ұлттық құраманың да сапында өзін жақсы қырынан көрсетті. Енді оның Еуропаға жолдама алуы — қазақстандық футбол үшін маңызды оқиға болмақ.

Ресми ақпарат алдағы апталарда жариялануы мүмкін. Егер келісім толық жүзеге асса, Дастан Сәтпаев топ-5 лига клубымен келісімшартқа отырған ең жас қазақстандық ойыншылардың бірі атанады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
30 Июл - 23:11 Футбол
«Тобыл» пенальти сериясында жеңіске жетіп, Конференциялар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты
30 Июл - 20:45 Футбол
УЕФА ФИФА турнирлеріне бойкот жариялауы мүмкін екенін мәлімдеді
29 Июл - 23:11 Футбол
«Қайрат» қатарынан екінші маусымда еурокубоктың негізгі кезеңінде ойнайды
29 Июл - 22:39 Футбол
«Қайрат» драмалық матчта Чемпиондар лигасының үшінші іріктеу кезеңіне шықты
29 Июл - 15:05 Футбол
ПСЖ Родри үшін «Реалмен» таласқа қосылды
29 Июл - 13:45 Футбол
«Қайрат» – «Омония» матчын қайдан көруге болады
29 Июл - 10:55 Футбол
«Ювентус» Джошуа Зиркзеені жалға алуға жақын
29 Июл - 08:30 Футбол
Дастан Сәтбаевтың «Челсидегі» дебюттік голы әлеуметтік желіде қызу талқыланды
28 Июл - 17:55 Футбол
Магомед Адиев Қазақстан құрамасына оралу туралы пікір білдірді
28 Июл - 16:26 Футбол
Зинедин Зидан Франция құрамасының бас бапкері атанды