«Қайрат» пен «Семей» УЕФА рейтингінің үздік ондығына енді

Фото: АФК Кайрат
УЕФА футзал клубтарының Чемпиондар лигасының ширек финалдарынан кейінгі жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Тізімге қазақстандық командалар да енді.
Алматының «Қайрат» клубы 402 ұпаймен үшінші орнын сақтап қалды. Бірінші орында 622 ұпай жинаған испаниялық «Пальма Футзал» тұрса, екінші орынды 513 ұпаймен португалиялық «Спортинг» иеленді.
Сонымен қатар, «Семей» клубы да Еуропаның үздік он командасының қатарына кірді. Қазақстандық ұжым 184 ұпаймен оныншы орынға жайғасты.
Айта кетейік, «Қайрат» Чемпиондар лигасының ширек финалында испаниялық «Картахенаға» екі матчтың қорытындысы бойынша жол берді. Бұл команда рейтингте 337 ұпаймен төртінші орында тұр. Ал «Семей» француздық «Этуаль» клубынан жеңіліп, турнирді аяқтады. Бұл ұжым 277 ұпаймен алтыншы орында орналасқан.
Бублик Майамидегі турнирде Берреттиниге жол берді
Хакими Африка кубогындағы даулы финалдан кейін жүлдеден бас тартты
