«Қайрат» Дженнифер Лопестің концерті үшін матчын кейінгі шегерді

Дженнифер Лопес

Фото: FilmMagic

Әлемдік әнші Дженнифер Лопестің концерті 10 тамыз күні Алматыдағы «Орталық стадионда» өтеді. Бұл туралы «Қайрат» футбол клубының баспасөз қызметі мәлімдеді. Клуб бұл күннің Чемпиондар лигасындағы матчтармен тұспа-тұс келетінін атап өтті.

Осыған байланысты Қазақстан Премьер-лигасының «Қайрат»«Жеңіс» ойыны 21 қыркүйекке ауыстырылды. Ал 7 және 12 тамызға жоспарланған еурокубок ойындары өзгеріссіз қалады.

Концертті ұйымдастырушылар мен клуб арасында арнайы келісім жасалған. Бұл шешім футбол мен музыка жанкүйерлерінің жағдайын ескеріп қабылданған. Дженнифер Лопестің концертіне билеттер 28 мамырда сатылымға шығады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру