«Қайрат» Чемпиондар лигасында 21 миллион еуродан астам табыс тапты

ФК Кайрат

Фото: Getty Images

Алматының «Қайрат» клубы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне қатысқаны үшін қомақты қаржыға ие болды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Қазақстандық команда турнирдегі өнерін жалпы кезеңде аяқтады.

Алматылық ұжым жарыстың негізгі кезеңіне жолдама алып, қорытындысында 36-орынды иеленіп, келесі кезеңге өте алмады. Турнир барысында «Қайрат» «Пафос» клубымен 0:0 есебімен тең түсіп, қалған матчтарда жеңіліс тапты.

Football Meets Data аналитикалық порталының мәліметінше, қазақстандық клуб турнирден 21,2 миллион еуро табыс тапқан. Ең көп қаржыны Англия клубтары иеленді — шамамен 611,6 миллион еуро. Екінші орында Испания (424,7 млн), ал үшінші орында Германия (360,6 млн) орналасқан.

Бұған дейін «Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасының чемпионы атанып, жаңа маусымда да Чемпиондар лигасында өнер көрсету құқығына ие болды. Қазіргі уақытта команда ҚПЛ-2026 аясында екі матч өткізіп, екеуінде де жеңіске жетті.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру