Португалия Ұлттар лигасын екінші рет жеңіп алды

Сборная Португалии

Фото: ANP via Getty Images

Португалия құрамасыУЕФА Ұлттар лигасының финалында Испанияны жеңіп, турнирдің жеңімпазы атанды. Финалдық матч Мюнхен қаласында өтті.

Ойынның негізгі және қосымша уақыты 2:2 есебімен аяқталды. Португалия сапынан Нуну Мендеш (26-минутта) пен Криштиану Роналду (61) гол соқты. Испанияның голдарын Мартин Субименди (21) мен Микель Оярсабаль (45) еншілеген.

Пенальти сериясында португалиялық футболшылар нақтырақ болып, 5:3 есебімен басым түсті. Бұл – Португалияның Ұлттар лигасындағы екінші жеңісі. Бұған дейін олар 2019 жылғы алғашқы маусымда чемпион атанған еді.

Ал Испания құрамасы қатарынан үшінші мәрте финалға шықты. 2021 жылы Францияға есе жіберіп, 2023 жылы Хорватияны жеңген болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
08 Мар - 00:34 Футбол
ҚПЛ-2026 маусымы басталды: алғашқы ойын күнінде 12 гол соғылды
07 Мар - 20:21 Футбол
Луиш Нани «Ақтөбе» сапында Қазақстан чемпионатында дебют жасап, нәтижелі пас берді
07 Мар - 11:34 Футбол
«Реал» Юрген Клоппты болашақ бас бапкер ретінде қарастыруы мүмкін
07 Мар - 10:11 Футбол
«Интер Майами» иесі Лионель Мессидің жылдық жалақысын атады
07 Мар - 08:46 Футбол
«Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Картахенаға» жол берді
06 Мар - 22:37 Футбол
«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Этуальға» жол берді
06 Мар - 11:20 Футбол
Алматыда футбол матчтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудің жаңа үлгісі айқындалды
06 Мар - 09:45 Футбол
Павлодарда «Ертіс» клубына арналған жаңа стадион салу жоспарланып отыр
05 Мар - 21:22 Футбол
Ханси Фликтің «Барселонадағы» болашағы клуб президенті сайлауына байланысты
05 Мар - 20:11 Футбол
Жекеменшікке өткен «Ордабасы» атауын өзгертуі мүмкін