Пакьяо рингке оралды: тартысты жекпе-жек тең нәтижемен аяқталды

Мэнни Пакьяо

Фото: Getty Images

Кәсіпқой бокста сегіз салмақ дәрежесінде әлем чемпионы атанған жалғыз боксшы Мэнни Пакьяо төрт жылдық үзілістен кейін рингке қайта оралды. 46 жастағы филиппиндік спортшы жартылай орта салмақта WBC чемпионы Марио Барриоспен жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Бастапқы раундтарда Барриос сақ және тәртіпті бокспен басымдық танытты. Алайда жекпе-жектің ортасына қарай Пакьяо әдеттегі қарқынын қосып, белсенді шабуылдарға көшті. Соңғы минуттарда Барриостың бапкерлері оған қарсыласына деген құрметті ысырып қойып, тек жеңіске ұмтылуды тапсырды.

Тартысты кездесудің нәтижесі көпшіліктің көңілінен шықпады. Бір төреші жеңісті Барриосқа берсе (115-113), қалған екеуі тең есеп (114-114) тіркеді. Бұл шешім жанкүйерлер тарапынан наразылықпен қабылданды.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру