Нұрсұлтан Құрман Қазақстан Премьер-лигасының жаңа логотипін көрсетті

Логотип Казахстанской Премьер-лиги

Логотип Казахстанской Премьер-лиги

ҚФФ президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман Instagram парақшасында Қазақстан Премьер-лигасының жаңа логотипін ">жариялады. Бұл нұсқада букмекерлік компаниялардың атауы жоқ.

«Достар, сіздерге Қазақстан чемпионатының ресми атауы мен логотипін ұсынамын. Букмекерлік кеңселердің атауы енді жоқ. Толық таныстырылымды ҚФФ-ның ресми парақшаларынан көре аласыздар.

Айта кетерлігі, бұл жобаға федерация қаржы жұмсамады – брендбукті серіктестеріміз әзірлеп, тегін ұсынды», — деп жазды Нұрсұлтан Құрман.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру