«Атырауға» Нұрдаулетов келуі мүмкін

Кайрат Нурдаулетов

Кайрат Нурдаулетов. Фото: kff.kz

«Атырау» футбол клубының бас директоры Дидар Сыдықбек бас бапкер лауазымына үміткерлердің бірі ретінде Қайрат Нұрдаулетовтің есімін атады. Бұл туралы ол «Спорт Пульс» YouTube арнасына берген сұхбатында айтты.

«Бапкер болуға үміткерлердің бірі – Қайрат Нұрдаулетов. Қазір ол бос жүр. Біз оны жақсы танимыз, құрметтейміз. Ол – аңыз адам. Тағы екі-үш үміткер бар, бірақ алдағы екі ойынымыздан кейін бәрі анықталады. Егер жеңіс сериясы басталса, бізге кез келген маман келуге дайын болады», – деді Сыдықбек.

Айта кетейік, 21 сәуір күні «Атырау» Константин Горовенкомен келісімшартты тоқтатқан болатын. Ол клубты биыл қаңтардан бастап жаттықтырған еді. Клуб 2009 жылы Қазақстан Кубогын жеңіп алған.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді