Нұрсұлтан Құрман Қазақстан Премьер-лигасының жаңа логотипін көрсетті

Логотип Казахстанской Премьер-лиги

Логотип Казахстанской Премьер-лиги

ҚФФ президентінің кеңесшісі Нұрсұлтан Құрман Instagram парақшасында Қазақстан Премьер-лигасының жаңа логотипін жариялады. Бұл нұсқада букмекерлік компаниялардың атауы жоқ.

«Достар, сіздерге Қазақстан чемпионатының ресми атауы мен логотипін ұсынамын. Букмекерлік кеңселердің атауы енді жоқ. Толық таныстырылымды ҚФФ-ның ресми парақшаларынан көре аласыздар.

Айта кетерлігі, бұл жобаға федерация қаржы жұмсамады – брендбукті серіктестеріміз әзірлеп, тегін ұсынды», — деп жазды Нұрсұлтан Құрман.

Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру