Кроуфорд Әлімханұлының салмағына өтуі мүмкін

Теренс Кроуфорд

Фото: TKO Worldwide LLC via Getty Images

Екінші орта салмақта абсолютті чемпион атанған Теренс Кроуфордтың жаттықтырушысы Брайан «БоМак» Макинтайр Сауль «Канело» Альваресті жеңгеннен кейін шәкіртінің болашағы жайлы ойымен бөлісті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Мамандардың айтуынша, Кроуфорд тағы екі-үш жекпе-жек өткізіп, содан кейін мансабын аяқтауы ықтимал. Сонымен қатар, ол орта салмаққа көтеріліп, алтыншы дивизионда белбеу үшін күш сынасуға ниет білдіруі мүмкін.

«Бұл айқас оған өте жеңіл көрінді. Тағы екі-үш жекпе-жекке шықсын. Біз дайындық лагерінде одан сайын көп еңбек етеміз. Егер ол орта салмаққа өтуді қаласа әрі соны өзіне сын деп қабылдаса, мен қарсы емеспін», — деді Макинтайр Fight Hub TV арнасына берген сұхбатында.

Айта кетейік, орта салмақтағы WBO және IBF белбеулері қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына тиесілі. Ол бұған дейін Кроуфордпен жекпе-жекке дайын екенін мәлімдеген болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
17 Сен - 12:05 Бокс
Геннадий Головкин бокс бойынша Еуропа чемпионатына қатысу үшін Софияға барды
17 Сен - 10:45 Бокс ММА
Мейірім Нұрсұлтанов Хесус Рамоспен жекпе-жектен кейінгі мақсатын атады
17 Сен - 09:15 Бокс
Шираз бен Әлімханұлының титулдық жекпе-жектегі гонорары белгілі болды
16 Сен - 17:55 Бокс
Айдос Медет келесі жекпе-жегін 23 қазанда Хьюстонда өткізеді
14 Сен - 16:30 Бокс
Хамза Шираз операциядан кейін рингке оралатын уақытын айтты
14 Сен - 10:45 Бокс
Әлем чемпионы атағына екі рет таласқан Джордж Чувало 89 жасында қайтыс болды
11 Сен - 16:30 Бокс
Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз жекпе-жегінің тағдыры жаңа кезеңге өтті
28 Авг - 13:04 Бокс
Санжар Тәшкенбай кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегін Астанада өткізеді
28 Авг - 11:15 Бокс
Әлімханұлы Шираз үшін ең қауіпті қарсылас болуы мүмкін: британдық боксшыны ауыр сынақ күтіп тұр
26 Авг - 13:45 Бокс
Шираз Алимханұлына қарсы міндетті жекпе-жек алдында WBO белбеуінен бас тартуы мүмкін