Килиан Мбаппе әлем чемпионаты қарсаңында жарақат алды

Реал Барселона Мбаппе Ямаль

Фото: LiveResult

Франция құрамасының шабуылшысы әрі капитаны Килиан Мбаппе ұлттық команданың жаттығуы кезінде жарақат алып, жаттығуды мерзімінен бұрын аяқтады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Дереккөз мәліметінше, француз футболшысы алған жарақатына байланысты жаттығу алаңынан ерте кетуге мәжбүр болған.

Осы жарақаттың салдарынан Мбаппе 8 маусым күні өтетін Солтүстік Ирландияға қарсы жолдастық кездесуді өткізіп жіберуі мүмкін. Бұл ойын Франция құрамасы үшін әлем чемпионаты алдындағы соңғы сынақ болмақ.

Франция құрамасы әлем чемпионатындағы алғашқы матчын 16 маусымда өткізеді. Топтық кезеңде француздар I тобында Сенегал, Ирак және Норвегия құрамаларына қарсы ойнайды.

Команданың топтық кезеңдегі кездесулері 16, 23 және 26 маусым күндеріне жоспарланған.

Клуб деңгейінде Мбаппе мадридтік «Реалдың» намысын қорғайды. 2025/26 жылғы маусымда ол барлық турнирде 44 матч өткізіп, 42 гол соғып, жеті нәтижелі пас берген.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
12 Июл - 08:05 Футбол
Аргентина Швейцарияны жеңіп, ӘЧ-2026 жартылай финалына шықты
12 Июл - 04:54 Футбол
Англия Норвегияны қосымша уақытта жеңіп, ӘЧ-2026 жартылай финалына шықты
10 Июл - 17:28 Футбол
Жорже Жезуш Португалия құрамасының бас бапкері атанды
10 Июл - 16:00 Футбол
«Алтын допқа» басты үміткерлердің жаңартылған рейтингі жарияланды
10 Июл - 13:23 Футбол
«Қайраттың» матчы Чемпиондар лигасы іріктеуінің көрермен рекордын орнатты
10 Июл - 10:31 Футбол
Дастан Сатпаев «Челсидегі» алғашқы жаттығуын Хаби Алонсоның жетекшілігімен өткізді
10 Июл - 08:15 Футбол
Мбаппе әлем чемпионаттарының тарихи рекордын жаңартты
09 Июл - 16:53 Футбол
Дан Глазердің «Қайраттан» ауысу құны белгілі болды
09 Июл - 13:22 Футбол
Opta суперкомпьютері ӘЧ-2026 ширек финалының фавориттерін атады
09 Июл - 11:46 Футбол
ҚФФ Қазақстан құрамасының бас бапкеріне қойылатын талаптарды бекітті